Хабар телеарнасы

Ақмола облысында оқушылар қашықтан оқып жатыр

Ақмола облысында сарышұнақ аязға байланысты барлық мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты. Тіпті колледждердің бірінші және екінші курс студенттері де онлайн оқып жатыр. Синоптиктердің болжамынша, сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Желдің бағыты секундына 14 метрге жетеді. Қазір барлық бағыттағы жолдар ашық. Тек түнгі уақытта көлік қозғалысына шектеу қойылады. Барлық тас жолдарды тәртіп сақшылары мен құтқарушылар бақылауға алған.

Дулат Қайыртаев, ТЖД басқармасының аға инженері: 
- Өңірдегі ауа райына байланысты тас жолдарда 268 жылыту және 213 тамақтану бекеттері ұйымдастырылды. Бүгінге дейін жылыту бекеттеріне 29 адам жеткізілді. Оның 5 бала болса, біреу шетел азаматы.