16:00Эфирде: Телесериал «Березка»
18:00Әрі қарай: Мегахит Кодовое имя «Джеронимо»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл туралы ескерту жасалды

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің бірқатар өңірінде дауыл туралы ескерту жасалды

Ақтүтек боран салдарынан еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты Талас Алатау жотасында және Алматы облысының таулы аудандарында 27-28 желтоқсан аралығында қар көшкіні күтілуде. Ал Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралі жабылды. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Алматы-Ташкент тас жолының Оңтүстік Қазақстан облысына дейінгі аралығы түнгі сағат 2 жарым кезінде жабылған. Жуалы ауданында да жүріп тұру қиындады.

Аида Құдайқұл, Жамбыл облыстық ТЖД бас маманы:

-Алты техникалық бригада қатты жел мен жолдың нашар көрінуінен Шақпақ асуына 9 жарымда жетіп, жолда қалған жұртты қауіпсіз жерге эвакуациялауды бастады. Құрметті тұрғындар, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуына байланысты жолға шықпауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ...