Хабар телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы. Арнайы репортаж

Республиканың тау-кен металлургия саласындағы ірі компаниялардың бірі – «АрселорМиттал Теміртау». Ондағы түрлі жобалардың арқасында өңір экономикасы дамып, аймақта түрлі мүмкіндіктер пайда болып жатыр. Компания қауіпсіз өндіріс негізінде жұмыстарын жүйелендіріп, озық үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етеді. Биылдың өзінде бірқатар инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады.
Қазір Қарағанды облысындағы екі шахтада жаңа біліктің құрылысы жүріп жатыр. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының «Тентек» шахтасындағы жаңа біліктің диаметрі 8, тереңдігі 830 метр. Бетоннан құйылған вертикалды құдық техникалық қауіпсіздік талаптарына сай салынып жатыр. Бұл нысан жер астындағы ауа циркуляциясын қамтамасыз етіп, жұмысшылар мен оларға қажет материалдары тасымалдау ісін жеңілдетеді.