Хабар телеарнасы

Қыпшақ Ысмағұлұлы (1916-1990 жж.)

Қыпшақ Ысмағұлұлы (1916-1990 жж.)

Қыпшақ Ысмағұлұлы 1916 жылы Қостанай облысы, Наурызым ауданының Наурызым ауылында дүниеге келген.

1934 жылы Қостанай педагогикалық училищесін бітірді. 1940 жылы Наурызым орта мектебіне директор болып тағайындалды.

1942 жылы Отанды неміс-фашист басқыншыларынан қорғауға аттанды. Атақты Сталинград, Курск шайқастарына қатысып, ержүрек жауынгер, тегеурінді командир болды. Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», I дәрежелі Отан соғысы орденімен, «За оборону Сталинграда», «За отвагу» медальдерімен марапатталды.

1945 жылы туған жеріне жеңіспен оралып, өзі сүйген ұстаздық жұмысын жалғастырды.

Наурызым, Семиозер, Амангелді аудандарында мұғалім, мектеп директоры болып жарты ғасыр жемісті еңбек етті. Қарағанды институтын бітірген білікті маман жас ұрпаққа білім беруден аянбады. Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері атанды.

Қыпшақ Ысмағұлұлы 1990 жылы 28 наурызда дүниеден өтті.

Авторы: Құсқадамова Айман Қыпшаққызы