Хабар телеарнасы

Момаханов Керімқұл Нұрабайұлы (1921-1989 жж.)

Момаханов Керімқұл Нұрабайұлы (1921-1989 жж.)

Атамыз Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қазіргі Өтеген ауылында 1921 жылы қыркүйек айының 20 жұлдызында дүниеге келген. Қазіргі Масанчи ауылындағы балалар үйінде алғашқы білімін алған. Кейін сол жылдардағы алапат қиыншылықтарға қарамай, қазіргі Әлжан Ана ауылындағы 7 жылдық мектепті бітірген. Мектептен кейін, колхозда есепші, бригадир көмекшісі болып қызмет атқарған. Тек өз қызметін атқарып қана қоймай, колхоздың бүкіл тынысына қол ұшын беріп, еңбегін сіңірген.

Өкінішке орай атамыздың жолын толық білмейміз, себебі атамыз көзі тірісінде ол қорқынышты соғыс күндері туралы еске алғанды жақтырмайтын. Қазір, біз өзіміз атамыз алған медальдер мен архивте қалған жазулар бойынша ғана соғыс жолын кішкене болса да көре аламыз. Атамыз соғысты сол уақыттағы ең қиын аудандардың бірінде, Киев қаласының қорғауында бастайды. 1941 жылдың шілде-қыркүйек айларында Киевті қорғауға сіңірген еңбегі мен көрсеткен ерліктері үшін «За Оборону Киева» медалімен марапатталады. Сосын 150 артиллерия полкының 2-ші орудие командирі қатарында сержант мәртебесінде соғыс жолын жалғастырады. Көрсеткен ерліктері үшін 23.06.44 және 12.10.44 жылы «За Отвагу» медалдерімен екі жолы марапатталады. 10.04.45 жылы қазіргі Калининград қаласын фашисттерден босатуда көрсеткен ерліктері үшін «За Взятие Кенигсберга» медалімен марапатталады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Жеңіс күні «За Победу Над Германией В Великой Отечественной Войне» және «За Боевые Заслуги» медалдерімен марапатталады. Ұлы Отан Соғысында тек қана жауынгерлік борышын ғана өтеп қоймай, аса ерен еңбек еткені үшін 06.06.45 жылы «За Доблестный Труд В Великой Отечественной Войне» медалімен марапатталады.

Соғыстан кейін атамыз туған аулына оралып еңбек жолын бастайды. Ауылда колхоз бастығының орынбасары жұмысын атқара жүріп сырттай Шымкент қаласындағы колхозбасшылар оқуын бітірген. Оқудан соң Роза Люксембург совхозының директорының орынбасары болып талай жыл қызмет етті. 1960 жылдары ауылға оралып сельсовет қызметын атқарды. 1970 жылы еңбек жолында атқарған ерен қызметі мен сіңірген еңбегі үшін «За Доблестный Труд В Ознаменование 100-летия Со Дня Рождения Владимира Ильича Ленина» медалімен марапатталады. Тек қана еңбек етпей, атамыз журналистика жаңа поэзиямен айнасылады. Көптеген мақалары мен өлеңдері аудандық және облыстық газеттерде жарияланып, жоғары бағаланады. 1970 жылдардан бастап қой фермасында есепші, басқарушы қызметтерін атқарды. Сол жерден зейнетке шықты. Зейнетке шығарда атамыз өмір бойы сіңірген еңбегі мен атқарған қызметі үшін «Ветеран Труда» медалімен марапатталды. Зейнетке шыққанында да атамыз қарап отыра алмай бүкіл төңіректегі мал шаруашылықтардың газет-журналдарын тасыды.

Атамыз Жамбыл облысы, Қордай ауданы, қазіргі Өтеген ауылында 1989 жылы қазан айының 22 жұлдызында дүниеден өтіп, сол туған ауылында жерленген.

Мемлекеттік марапаттары:

  • «За Оборону Киева»
  • «За Отвагу» - 23.06.44
  • «За Отвагу» - 12.10.44
  • «За Взятие Кенигсберга»
  • «За Боевые Заслуги»
  • «За Победу Над Германией В Великой Отечественной Войне»
  • «За Доблестный Труд В Великой Отечественной Войне»
  • «Отечественная Война» ІІ степени
  • «20 лет Победы в Великой Отечественной Войне»
  • «50 лет Вооруженных Сил СССР»
  • «30 лет Победы в Великой Отечественной Войне»
  • «60 лет Вооруженных Сил СССР»
  • «40 лет Победы в Великой Отечественной Войне»
  • «70 лет Вооруженных Сил СССР»
  • «За Доблестный Труд В Ознаменование 100-летия Со Дня Рождения Владимира Ильича Ленина»
  • «Ветеран Труда»

Авторы: Момаханов Керімқұл Нұрабайұлы