Хабар телеарнасы

Мүсірепов Риза, Мүсірепов Қапажан

Мүсірепов Риза, Мүсірепов Қапажан

Мүсірепов Риза (1913-1990), Семей облысы, Бесқарағай ауданы.

Мүсірепов Қапажан (1918-1945), Семей облысы, Бесқарағай ауданы.

Осынау 1941-1945 жылғы соғыс өрті салған жарасы ұмтылар емес. Сұм соғыс небір боздақтарды аңсаған армандарына жеткізбей алып кетті ғой. Соның ішінде біздің де әкеміз Мүсірепов Риза және әкемнің інісі Мүсірепов Қапажан бар еді. Екеуі де Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Өндіріс ауылының тұрғындары.

Әкеміз Мүсірепов Риза 1941 жылы соғысқа аттанды. Ол рядовой 78 кавалерииский полктің жауынгері еді. 3 рет қоршауда қалып қойып, 2 рет шығып кетті. Бірақ 3-ретінде тұтқынға түсіп қалды. Германияның Дахау деген қаласында концлагерьде болған. Онда фашистерден көрген қорлықтары мен қиындықтарын ауызбен айту қиын. Бізге соның бәрін үйге келгенде айтып отыратын.1945 жылы босап шығып, Жапон соғысына қатысуға кетті. Бірақ майданға кіреміз дегенде соғыс тоқтаған. 1990 жылы 77 жасында дүниеден озды. Біз әкемізді мақтан етеміз.

Сержант Мүсірепов Қапажан 1940 жылы әскери міндетін атқаруға аттанады. Содан үйге ораламыз дегенде соғыс басталып кетеді. Ол артелерииский батольеннің 392-пулеметчик бөлімшесінің командирі болған. Ол ержүрек, батыл жауынгер болған. Оның ерліктері көп. Соғыс бітіп, хабарсыз кеткен. Кейіннен «Боздақтар» кітабынан оқыдық. 1945 жылы Беларусияның Белосток деген жерінде жерленген. 1944 жылы маусым айында жасаған ерліктері үшін марапатталды.

Топырағың торқа болсын аға! Біздің жүрегімізде мәңгі қаласыз. Біз сізді мақтан етеміз!

Авторы: қызы Мүсірепова Асима