Хабар телеарнасы

Тохманбетов Әбдібай Қуанышбайұлы

Тохманбетов Әбдібай Қуанышбайұлы

Тохманбетов Әбдібай – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазтай Ұлтарақов ауылының тұрғыны.

Ол 1943 жылы әскер қатарына алынған, Владивасток қаласында жаттығудан өтіп, II дүниежүзілік соғыстың қанды нүктесі Харбин қаласында ұрыс алаңында болған. «Харбин қаласын ауыр зеңбірек бомба емес, жаяу әскердің күшімен алу керек» деген бұйрық түседі. 81-батальон қатарындағы жас сарбаз, Жаумен жан аямай айқасқа түседі, көрер жарығы бар жауынгер жауған оқтан аман шығады. Сөйтіп бір айдың ішінде қаланы толық басып алып, өз еріктерімен берілгендерді тұтқынға алады.

Елімізді, кең байтақ жерімізді аман алып қалған ұлы батырдың ұрпағы болғаным үшін мақтанамын!

Авторы: немересі Абдибай Аида