Хабар телеарнасы

Байғабылов Қабду (1925-1958 жж.)

Байғабылов Қабду (1925-1958 жж.)

Әкем Байғабылов Қабду, кіші лейтенант 1925 жылы Качир ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Качир аудандық әскери комиссариатымен Қызыл армия қатарына шақырылды. Соғыс кезінде сонау Берлинге дейін жетті. Ұлы Отан соғысы аяқталысымен «За победу над Германией в Великой Отечественной войне» медалімен марапатталды.

Батыстағы фашистік Германиямен соғыс аяқталғанымен, Екінші Дүниежүзілік соғыс жалғасып жатты. 1945 жылғы шілде-тамыз айларында әкем Қабду Байғабылұлы Шығыс майданда КСРО-Жапон соғысына қатысты. Соғыс 1945 жылғы 2 қыркүйек күні жеңіспен аяқталып, «За победу над Японией» медалімен марапатталды. Соғыс аяқталған соң Качир ауданы,Техамировка ауылына бухгалтер қызметіне жіберілді. 1955 жылы туған жері Жасқайрат ауылында өз қызметін жалғастырды. 1958 жылы Қабду Байғабылұлы дүниеден озды.

Әкем өмірден ерте өтті. Мен кішкентай едім. Осыған қарамастан әкеміздің біз үшін орны ерекше. Ол өз өмірін көрге тігіп, өз ұрпағына бейбіт өмір сыйлады. Жеңіс үшін әкеме рахмет! Мәңгілік есімізде.

Авторы: Байғабулов Жастлек Қабдуұлы