Хабар телеарнасы

Әбдікәрімов Мәлік (1924-1971 жж.)

Әбдікәрімов Мәлік (1924-1971 жж.)

Әбдікәрімов Мәлік 1924 жылы 15 қазанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Сасықкөл ауылында дүниеге келген.

1935 жылдан 1942 жылға дейін Мамыт жеті жылдық мектебінде оқыған.

1942 жылдың тамыз айында әскерге шақырылып, 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысына қатынасқан.

Соғыс уақытында 2 рет ауыр, 2 рет жеңіл жараланған.

1945-1957 жылдар аралығында Нұра, Қарашатау, Мамыт ауылдық кеңестерінде хатшы болып қызмет атқарған.

1957-1969 жылдары Басқұдық совхозының №3 фермасында меңгеруші, әртүрлі жауапты қызметі абыроймен атқарған.

Әлденеше рет ауылдық, аудандық кеңестердің депутаттығына сайланған.

Ұлы Отан соғысы кезінде «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20 жыл», «СССР қарулы күшіне 50 жыл» медальдарымен марапатталған.

1971 жылы 20 мамырда дүниеден өтті.

Балалары: Амантай, Ізбасар, Көпжасар, Назымхан, Рая, Райса

Авторы: Әбдікәрімова Рая Мәлікқызы