Хабар телеарнасы

Оспанқұлов Баяділ (1911-2003 жж.)

Оспанқұлов Баяділ (1911-2003 жж.)

Ұлы Отан соғысына қатысқан Оспанқұлов Баяділ атам туралы айтқым келеді. 1911 жылдың 15 мамырында қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында дүниеге келген. 2003 жылдың 22 маусымында 93 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Артында жары Сәпия және алты ұл, екі қыз, бірнеше немере, шөбере қалды.

1933 жылы Қызылорда қаласында 7-сынып мектеп бітіріп және мұғалімдер дайындайтын курсты тәмамдады. Ташкентте кіші командирлер курсын бітіріп, лейтенант дәрежесінде соғысқа аттанады. Соғыста 3-ші Беларусь майданында 371-девизия 1229-атқыштар полкінің кұрамында лейтенант дәрежесінде взвод командирі болып соғысқа кіріседі. 1944 жылы маусым және желтоқсан айында екі рет жараланып, госпитальге түседі. Жазылып шыққаннан соң 1945 жылы тамыз айына дейін әскер қатарында болып, сол жылы Қиыр Шығысқа аттанып, Жапон әскеріне қарсы соғысқа кіріседі. Содан әскер қатарында болып, 1946 жылы босап, елге оралады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталады.

1946 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін туған жері Жамбыл облысында мектепте мұғалім, ауылдық кеңесте кызмет істеп, жасы ұлғайған шақта мал шаруашылығымен айналысады. 50 жылдан аса бірге тұрған жары Сәпия апамыз 86 жасында 2011 жылы дүниеден өтті.

Авторы: Эльвира Алиева