Хабар телеарнасы

Жапсарбаев Шамар Жапсарбайұлы (1924 - 2006 жж.)

Жапсарбаев Шамар Жапсарбайұлы (1924 - 2006 жж.)

Жапсарбаев Шамар 1924 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан обылысы, Зайсан ауданы, Майқапшағай ауылында дүниеге келген. Майқапшағай ауылында орналасқан Н.Крупская атындағы бастауыш мектепті бітіргеннен кейін Үлкен Қаратал ауылындағы С.М.Киров атындағы жеті жылдық мектепте білім алған. 1940 жылы Лениногорск қаласындағы ФЗО-ға  оқуға түсіп, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда оқуын аяқтамай шахтаға слесарь лауазымына жұмысқа орналасады.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ленинград майданында аға барлаушы болады. 1944 жылы Старая Русь, Новгород қалаларын немістерден азат ету шайкасына қатысып, сол аяғынан ауыр жарақат алады. Ленинград, Иванов, Омск қалаларында госпитальде емделіп, бір аяғынан айырылған соң, 1945 жылы туған жері Майқапшағай ауылына оралады.

Елге оралғаннан кейін Ленинград майданында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Сол жылы әжем Жүнісқызы Шәрманмен отау құрады. 1946 жылдан бастап колхоздың қой фермасында есепші, қоймашы, шөп бригадирі лауазымында қызмет атқарып, кейіннен Қабырғатал фермасына пошташы жұмысына ауысады. Осы салада атам 35 жыл қызмет атқарып, зейнеткерлікке шығады. Сонымен қатар малшылардың қоғамдық өміріне белсене араласып, аудандық газеттің қоғамдық тілшісі болып қызмет атқарады.

Әжем 1997 жылы ал атам 2006 жылдың қараша айында өмірден озды. Бүгінде ол кісілердің 11 баласынан тараған 37 немере, 62 шөбере, 2 шөпшек бар. Мен атаммен мақтанамын.

Авторы: шөбересі Шамар Əмір (2-сынып оқушысы)