Хабар телеарнасы

Жендеев Мұса (1923 - 1992 жж.)

Жендеев Мұса (1923 - 1992 жж.)

Атамыз Мұса Жендеев 1923 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1992 жылы 23 маусымда қайтыс болған. Жылқы бағып жүргенде жылқы теуіп, аяғы сынған, кейін 1941 жылы соғыс басталғанда, аяғының сынғанына қарамай соғысқа алып кеткен. Содан соғысқа жарамай, тылда жұмыс істеді. Дәрі-дәрмек, киім-кешек, оқ-дәрі тасыған. Кейін Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында колхозда тракторист болып содан кейін шопыр болып жұмыс істеген. Әкесі Жендей Жансерікұлы 1932 жылы қайтыс болған. Анасы – Мадиман Таубалдықызы. Екеуі де кедей шаруа отбасынан шыққан. Мұса атамыз 1951 жылы отбасы құрды. Атамыздан тараған ұл-қыздары: Гүлбақыт, Күләш, Ержан, Нұрлан, Ербол, Талғат, Баян.

Авторы: Медина Амантайқызы