дүйсенбі-жұма, 07:00-10:00

Таң – жаңа күннің жаршысы, өмір мен қуаныштың белгісі. Әрбір күніңізге шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын Tańǵy Habar бағдарламасы қайта эфирде!
Жүргізушілер күн сауалын жолдау арқылы көрерменмен тікелей байланыс орнатады. Көрінбей кеткен тұлғалар мен жағымды жаңалығы бар, жұртқа сыйлы жандар студия қонағы болады. Көңіл-күйді көтеретін қызықты ойындар ойнатылып, жаңа әндердің тұсауы кесіледі.
Дүйсенбі-жұма күндері сағат 07:00-10:00 аралығында таңғы эфирді тамашалауға шақырамыз.
Таңмен таласа тұрып, «Хабармен» бірге болыңыздар!