Хабар телеарнасы

«Менің өмірім»

«Менің өмірім»

«Менің өмірім» тележобасында тағдырдың тәлкегіне мойымай, ағынға қарсы жүзіп жеңімпаз болған азаматтардың өмірін баяндаймыз. Мүмкіндігі шектеулі болса да, шексіз күшке ие болған азаматтармен таныстырамыз. Тағдырдың салмағы қаншалықты ауыр болса да қайыспаған белдері мен жігері кез келген адамды тамсандырады. Инклюзивті орта дегеніміз не? Мүмкіндіктің шегі қайда? Біздің кейіпкерлеріміздің өмірге деген құлшынысының сыры неде? Ащы шындық пен жеңіске деген құлшыныстың сыры, бүкпесіз әңгіме жобамыздың өзегі болмақ.

Жүргізуші: Ақжол Таухан