Хабар телеарнасы

Ержан Максим «Junior Eurovision-2019» байқауына дайындалып жатыр

Енді тура 20 күннен соң, яғни 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында «Junior Eurovision-2019» ән сайысы басталады. Оған Қазақстанның атынан қатысатын Ержан Максим қызу дайындық үстінде.

Бұған дейін жас әнші аталған халықаралық байқауда айтатын әнін және оған түсірілген бейнебаянын жариялаған болатын. Ән «Арманнан қалма» деп аталады. «Junior Eurovision» – белгілі әрі беделді ән байқауы. Сондықтан бәсеке мықты. Ержан Максим 19 жас әншінің арасында бақ сынайды. Айта кетейік, Қазақстан бұл байқауға биыл екінші рет қатысқалы отыр. Жерлесіміз Ержан Максим қатысатын жас әншілер жарысын «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар!