Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында «Ұлы дала Наурызы» телемарафоны өтті

«Хабар» арнасы Ұлыстың ұлы күніне орай «Ұлы дала Наурызы» атты телемарафонын тікелей эфирде көрсетті.

Халқымыздың Ұлық мейрамы арнамызда «Таңғы Хабар» бағдарламасымен басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасты. Елордамызда, өңірлерде, тіпті шалғай ауылдардағы мерекелік көңіл-күйді 12 сағат бойы үзіліссіз эфирден таратты.

Айта кетейік, телевизия тарихында тұңғыш ұйымдастырылған айтулы шараны қазақ елімен бірге «Kazakh TV» арнасын көретін шетелдің миллиондаған көрермені де тікелей эфирде тамашалады.

Әсем ән, керемет би, ұлттық ойындар, салт-дәстүр. Ұлыстың ұлы күні «Хабар» арнасы көрерменіне үлкен сый жасады. Алғаш рет шығармашылық ұжым дүйім жұртқа 12 сағатқа ұласқан телемарафонды ұсынды.