Хабар телеарнасы

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын «Kazakh TV» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Қырғызстанда 2 қыркүйек күні III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуы өтеді. Қазір елде соңғы  дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Этнофестиваль Қыршын шатқалында ұйымдастырылады. Ол жерде сахна орнатылып, киіз үйлер тігілді.

Ал жергілікті милиция күшейтілген жұмыс режіміне ауысты. Қырғыз елінде өтетін көшпенділердің III Дүниежүзілік ойындарына 200-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады. Дүбірлі додаға қатысу үшін 53 елден өтініш келіп түскен. Спортшылардың басым бөлігі Ресей және Қазақстаннан келеді.

Жарыста барлығы 600 медаль сарапқа салынады. Жалпы жүлде қоры 260 млн сомды, яғни 400 мың долларды құрайды. Спорттық шараның ашылу салтанатын «Kazakh TV» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.