Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады.
Оралдық тұрғындар аттракциондардың сапасын қатаң қадағалауды талап етіп отыр. Бірер күн бұрын орталық саябақта болған оқыс оқиға жұрттың жағасын ұстатқаны белгілі.
«Даму» қоры «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында ірі компаниялардың бизнесін дамытуға игі ықпал етіп келеді.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр айтты. Асқар Мамин: «Азаматтарымыз қай препаратқа басымдық берсе де, өздері біледі», - деді.
Мемлекет басшысы жеделхатта Үндістанда COVID-19 инфекциясының қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқының және жеке өзінің үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген.
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады.
Сұм соғыста хат-хабарсыз кеткен қазақ майдангерінің сүйегі Ресей жерінен табылды. Ол – Ақмола облысының тумасы Қамен Жұманов.
Диқандарымыз бүгінге дейін 1 млн гектар алқапқа түрлі дәнді-дақыл мен көкөніс және бақша өнімін егіп үлгеріпті.
Қос тарап атысты доғару туралы келісімді бұзбай, сақтап тұр. Бұл туралы Тәжікстанның Исфара қаласының әкімшілігі мәлімдеді.
Шығысқазақстандықтар да вакцинаны жұрт қатарлы алып жатыр. Ақпан айынан бері бүгінге дейін өңірде 75 мыңға жуық адам екпе салғызып үлгерді.
YouTube видеохостингіндегі «Хабар 24» аккаунтына жазылушылар саны 1 млн-ға жетті, бұл хостингтің «Алтын батырмасына» ие болуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық продюсерлер Ибрагим Ақдрашев пен Еркін Ялгашевтың «Аве Мария» картинасы үлкен экранға жол тартты.
Келелі басқосу Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.
Bek Air ұшағының апатынан кейін әуежай маңындағы жер телімдерін заңсыз сатқандар кінәларын мойындады
Алматы облысы Талғар ауданында «жер телімдерін заңсыз сатып, мемлекет меншігін талан-таражға салды» деп айыпталған аудан әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері кінәларын мойындады.
Ақорданың ресми сайты жариялаған мәлімдемеде Мемлекет басшысы екі елдің шекарасында болған қарулы қақтығысқа алаңдаушылық білдірген.
Кіл мықтылар ғана енетін «100 жаңа есім» жобасының 4-ші маусымы өз мәресіне жетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады.