Хабар телеарнасы

Универсиада 2023: жеңімпаздар елге оралды

Олар АҚШ-та екі алтын, бір қола медаль ұтып алды. Бекентай Тұрлыбеков пен Вадим Куралес қысқы Универсиада чемпионы атанып, ел мерейін үстем етті. Александр Мухин үшінші орыннан көрінді. Биатлоншылардың бір тобын елордада жанкүйерлер құрметпен қарсы алды. Жалпы Лейк-Плэсид Универсиадасында Қазақстан студенттер құрамасы 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге қол жеткізді.