Хабар телеарнасы

«Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің алғашқы жиыны өтті

Жиналғандар, спорттағы кем-кетік тұстарды ортаға салды. Спортшылардың әлеуетін көтеру мәселесін талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытты өңірлерде спорт алаңдары мен осы орталықтың бірнеше филиалдары ашылмақ. Соның бастамасы ретінде елордамызда жақында ашылатын жаңа спорт орталығының құрылысы таныстырылды. Мұнда қала жастары үшін дәрісханалар мен кітапханалар, жаттығу залдары спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік береді. 

Ербол Мырзабосынов, «Дала қырандары» орталығының жетекшісі: 
- Бір шаңырақтың астында жастарды жинап, олардың жан-жақты дамуына өз үлесімізді қосайын деп жатырмыз. Бір мәселе емес, жүйелік проблемалар көп. Қаражат мәселелері бар. Мамандардың тапшылығы бар. Заманауи әдістемелердің жоқтығы бар.