Хабар телеарнасы

Қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні отандастарымыз үшін табысты аяқталды

Сонымен қазір ұлттық құрамамыздың қоржынында 8 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Жалпы дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан жиналған. Айта кетейік ерлер мен әйелдер және 3 жас мөлшерін қамтыған мұндай бәсеке бірінші рет өткізіліп отыр. Ертең жасөспірімдер мен жастар боз кілемге шығады. Олар 5 салмақ дәрежесінде белдеседі.

Ербол Мырзабосынов, «Qazaq kuresi» ассоциациясының бас директоры: 
- Еліміздің ішін алсақ жастар мен жасөспірімдер тек қана Қазақстан біріншіліктерінде күрескен жылма-жыл. Одан ары қарай жетістіктері жоқ, жарыстары жоқ. Сондықтан олар басқа күрес түрлеріне ауысып кетіп жатқан. Биылғы жылы жеңімпаз алған жаттықтырушылар өздерінің категорияларын көтереді. Спортшылар халықаралық спорт шебері атақтарын алады.