21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Вторая жизнь Евы"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Қазақстан құрамасы Словакияны екінші рет ұтты

  • Категория: Спорт
Қазақстан құрамасы Словакияны екінші рет ұтты

Қазақстан футболшылары талайды таң қалдырып, Ұлттар лигасындағы кезекті жеңіске жетті.

Топтық кезеңнің төртінші турында жерлестеріміз Словакияны қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Матчтан кейін бапкер Магомед Адиев тіпті лезгинка биледі.

Ойынның 18-ші минутында Ян Вороговский есеп ашса, 39-шы минутта Елхан Астанов нәтижені еселеді. Словакия ойыншылары екінші таймда жалғыз голмен жауап қатты. Жерлестеріміздің Ұлттар лигасындағы келесі ойыны 22 қыркүйекте өтеді. Біздің жігіттер Беларусь командасын қабылдайды. Одан соң Әзербайжанға аттанады. Бас бапкердің айтуынша, қазір ұлттық құрамадағы жігіттердің деңгейі өскен және өзара іс-қимылдары да бір жолға қойылған. «Сондықтан кез келген жоспарды орындап, қазақстандық жанкүйерлерді қуанта алады», – деді Магомед Адиев.

Магомед Адиев, ұлттық құраманың бас бапкері:

- Матч алдында жігіттерге барынша мотивация беруге тырысам. Үлкен спортта жеңістер де, жеңілістер де болады. Бапкерлер құрамы футболшыларды біріктіре алды. Қазір командадағы жағдай жақсы. Атмосфера керемет. Міне, біздің басты басымдығымыз осында. Соңғы 11 күнде 4 матч өткіздік. Оның аясында 15 футболшымыз ғана алаңға шықты және дәл осы жігіттер тарихи жетістікті әкелді.

Сондай-ақ...