Хабар телеарнасы

Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді

Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді

9-раундта жапон боксшысы рингте құлап, оның командасы шаршы алаңға ақ орамал лақтырды.

Алғашқы раундтарда екі боксшы тең дәрежеде бокстасқанымен, төртінші раундтан бастап Головкин соққыларды үдетіп, басымдықты оз қолына алды. 8-раундта GGG шабуылдар сериясына көшіп, Мурата қорғанумен болды. Ал 9-раундта Головкиннің қатты соққылары тіпті күшейіп, Муратаның ешқандай шабуыл жасауға мүмкіндігі болмады. Раунд ортасында Мурата рингте тәлтіректеп құлады да, шаршы алаңға ақ орамал тасталды. Ақ орамал — қарсылас тараптың жеңілісті мойындауы.


Головкин жекпе-жектен кейін соңына дейін шыдап баққан Муратаға, жанкүйерлерге, Қазақстаннан арнайы келген фанаттарға, бокс кешін ұйымдастырғандарға алғыс айтты.

Головкин осы жеңісінен соң IBF, IBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалды. Ал Мурата өз иелігіндегі WBA Super белдігін Головкинге берді.