Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі XXIV Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

«Хабар» Агенттігі XXIV Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандықтар 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын  «Хабар» және EL ARNA телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстары 2 ақпаннан басталады.

XXIV Қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасында 87 жолдама иеленген 34 спортшы бар. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

«Хабар» және EL ARNA телеарналарындағы спорттық көрсетілімдерді Айбек Қабылшаев, Рауан Оқасов, Айдар Махметов, Евгений Акманов, Ербол Каиров және Аян Кушбаев есімді спорт комментаторлары жүргізеді. «Хабар» және EL ARNA телеарналарының эфирінде күн сайын жарыс күнінің қорытындысы ретінде «Бейжің 2022 Олимпиада ойындарының күнделіктері» көрсетіледі.

XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан 17:55-те басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы ел тарихында Қысқы Олимпиада ойындарында 8 рет бақ сынайды.

Пекинде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының «Хабар» және El arna телеарналарындағы трансляция кестесі