Хабар телеарнасы

Токиода паралимпиада ойындары басталды

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған спортшы қатысуда. Жалпы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алты мәрте жазғы паралимпиадаға қатысқан. Бұл – жетіншісі. Биыл қазақстандық спортшылар лицензия саны жағынан рекорд жаңартты. Яғни бас-аяғы 26 лицензия жеңіп алды. Әсіресе жүзуде – 7, дзюдода – 7 және пауэрлифтингтен 5 жолдамамыз бар.

Бұған қоса, қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, таэквондо, ескек есу және оқ ату бағыттары бойынша да сынға түседі. Қазір жерлестеріміз соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Ең алдымен, жарысқа жүзу шеберлері араласады. Іріктеу сындары 25 тамыз күні таңертең өтеді.