Хабар телеарнасы

Қазақстандық шахматшы Ринат Жұмабаев сенсациялық жеңіске қол жеткізді

Жерлесіміз іріктеу кезеңі аясында америкалық Фабиано Каруанамен жолықты. Каруана қазір Халықаралық шахмат федерациясының рейтингіде 2-ші тұр. Тіпті 2018 жылы норвегиялық Магнус Карлсенмен кездесіп, әлем чемпионы атағын сарапқа салған. Бұл жолы қазақстандық спортшыға жол берді. Екі партиядан тұратын ойында Ринат басым түсті. Соның арқасында әлем кубогының 1/16 финалына жолдама алды. Енді оның қарсыласы тағы бір америкалық және украиналық шахматшылар кездесуінен кейін белгілі болады. Айта кетейік, Сочидегі бәсеке 6-шы тамызға дейін жалғасады. Оның жалпы жүлде қоры – 1 миллион 890 мың АҚШ доллары.

Ринат Жұмабаев, шахматтан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Бұл өте қиын ойын болды. Қарсыласым бірінші жүрістен бастап күресуге дайын екенін білдірді. Ол алма-кезек менің тастарыма шабуыл жасауға тырысты. Ал мен қарымта шабуыл жасауға ұмтылдым. Қуанышқа орай, мен қорғаныс шебін бекемдеп, жақсы мүмкіндік алдым. Ол 30-ші жүрісте тең нәтижеге келісуімді сұрады. Мен ұтатынымды сезіп, одан бас тартым.