Хабар телеарнасы

Көкшетауда «760 жасыл шақырым» эко-марафоны өтті

Көкшетауда «760 жасыл шақырым» эко-марафоны өтті. Салауатты өмір салтын ұстанушылар жүгіріп қана қоймай, аллеяда ағаштар отырғызды. Осылайша олар жергілікті тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырып отыр. Әуесқой спортшылардың бұл бастамасына «TURAN» табиғи суы қолдау көрсетті.

Бұл адамдар ерте тұрып жүгіруді әдетке айналдырған. Салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар таза ауада жаттығу жасап жатыр. Бүгін оларды 42 шақырым күтіп тұр.

Дмитрий Ким, «760greenkm» қозғалысының ұйымдастырушысы:

- Бүгінгі күнге дейін алты қалада жүгірдік. Көкшетау – жетінші қала. Біздің мақсатымыз – адамдарға қоғамдағы мәртебеңе қарамай, спортшысың ба, байсың ба, кедейсің бе маңызды емес, бәріміздің де бір ауамен демалатынымызды жеткізу.

Дмитрий Ким, Ғалым Чуашев және Айдын Садыбеков. Бұл үштік Қазақстанның 18 қаласында 760 шақырым жерді жүгіріп өтуді мақсат еткен. Сонымен қатар көпшіліктің назарын экологиялық мәселелерге аударғылары келеді.

Ғалым Чуашев, «760greenkm» қозғалысының ұйымдастырушысы:

- Көп қалада экологиялық жағдай қиындау болып көрінді. Өйткені өнеркәсіп орындары өте көп. Сол үшін әр қалада еліміздің әр адамы бір талдан отырғызса, жағдай кішкене түзеледі деп ойлаймын.

42 шақырым 4,5 сағатта бағындырылды. Әуесқой спортшылар шөлін «TURAN» суымен қандырады. Шараға қатысушылар Көкшетауда ағаш көшеттерін отырғызды.

Станислав Максимец, «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры:

- Көкшетау минералды сулары мен «TURAN» табиғи суы экологиялық жобаларды қолдайды. Өйткені «TURAN» суының өзі денсаулыққа өте пайдалы. Ол аурудан кейін оңалуға және де физикалық жаттығудан соң қалыпқа келуге көмектеседі.

Жол алыс Талдықорғаннан шыққан марафоншылар Қазақстанның 18 қаласына соғып, қазанның 10-ы күні Алматыға жетуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Евгений Шинкаренко