Хабар телеарнасы

2021 жылы Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

2021 жылы Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) сайты ресми жазды. Турнирдің қай аренада өтетіні белгісіз. Дүбірлі доданы оңтүстік астананың үш спорттық ғимаратының бірі қабылдайды – «Алматы Арена», Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және «Халық Арена».

Еске салайық, 2020 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 5 алтын, 2 күміс және 12 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте төртінші орын алды.