Хабар телеарнасы

Футбол ойынының ережелеріне өзгерістер енгізілді

Футбол ойынының ережелеріне өзгерістер енгізілді

Біріншіден, қолмен ойнау ережесі өзгертілді, енді иықпен ойнау тәртіп бұзуға жатпайды. Сонымен қатар шабуылшының кездейсоқ қолмен ойнауы «дереу» гол немесе голға әкелетін болса, тәртіп бұзушылық болып саналады. Екіншіден, IFAB VAR бейнені қайта ойнату жүйесінің жұмысын өзгертті. Енді бейне көмекшілер төрешіге кеңес бере алады, бірақ түпкілікті шешім реферидің өзіне тиесілі болады. Үшінші өзгеріс оффсайдқа қатысты болды. Жаңа ережеге сәйкес егер қорғаушы жақтың ойыншысы қолымен ойнап, нәтижесінде қарсылас ойыншысы допқа ие болса, онда ол офсайдта саналмайды.