Хабар телеарнасы

Сенат төрағасы мәслихат депутаттарымен өңірлерді дамыту мәселесін талқылады

Депутаттар өңірде реформалардың іске асуын назарда ұстауы тиіс. Аймақтарда мәслихаттардың рөлін арттыру қажет. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл туралы жергілікті өкілдік органдармен, өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысында айтты. Қазіргі таңда басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Осы бағытта жүргізілген әкімшілік реформалардың нәтижесінде Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді. Сондай-ақ Сенат жергілікті мәслихаттармен өзара байланысты арттыра түспек. Осы бағытта «Өңір» депутаттық тобының құрамы жаңартылды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 
- Біз бірге жұмыс істеуіміз керек, нәтижелі жұмыс істеуіміз керек. Проблемалар болса, оларды жасырмай айтуымыз керек. Түйткілдерді көтеріп, олардың шешілуіне жұмыс істеуіміз керек. Осындай жиындарды пайдалануымыз керек.