Хабар телеарнасы

Үкімет тыңайтқыштарды сыртқа шығаруға тыйым салмақ

Ол үшін тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл шара отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр. Аталған норма шаруаларға аса қажет аммоний нитраты және аммофос сияқты тыңайтқыштар түрлеріне қатысты. Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50% көлемінде субсидиялайды. Сонымен бірге бағаның төмендігін алыпсатарлар да пайдаланып кетіп жатыр. Бұл отандық аграрийлердің сұранысын қамтамасыз етуге кері әсер етеді. Сондықтан Үкімет тыңайтқыштардың осы түрлерін тек оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылдады.