Хабар телеарнасы

Астанада 3000-ға жуық адамның қатысуымен «AMANAT» партиясының форумы өтті

Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты. «AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтты. Сондай-ақ форумда партияның өзге өкілдері де сөз сөйледі. Айта кетейік, бұл саяси ұйымның сайлау алдындағы соңғы үгіт-насихат жұмысы.

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Мемлекет басшысының тарихи жолдауына тура бір жыл толды. Ел тағдыры сынға түскен уақытта Президентіміз табандылықпен тарихи шешімдер қабылдады. Былтырғы жалпыхалықтық референдум мен Президент сайлауы елді де, қоғамды да түбегейлі өзгертті.