Хабар телеарнасы

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы жаңа демократиялық дәстүрлер қалыптастыруға сеп болады

Ол Мемлекет басшысының шешімін толық қолдайтынын, сондай-ақ партияның алдағы сайлауға тас-түйін дайын екенін жеткізді. 

Ерлан Қошанов, AMANAT партиясының төрағасы:
-Біз мемлекет басшысының мәлімдемесін партияластарымызбен мұқият талқыладық. Аталған шешім қоғам үшін де, елдегі саяси күштер үшін де, елдегі саяси күштер үшін де күтпеген жағдай емес. Президент өткен қыркүйек айында сайлау күнтізбесін алдын-ала ашық жария еткен болатын. Бұл – елдегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы.