Хабар телеарнасы

Елбасы туралы заңның күші жойылады

Осылайша бұл заңда қарастырылған иммунитеттің барлығы тоқтатылады. Ол енді күшінде болмайды. Оны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов таныстырды және әріптестерінен құжатты палатаның қарауына қабылдауды сұрады. Нәтижесінде қатысушы 90 депутаттың бәрі оны қолдады. Бұл құжат енді Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаңтар айында қаралады. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы: 
- Толық осы заң күшін жояды. Жоюға арналған заң жобасы жұмысқа алған. Соның ішіндегі барлық нормалары күшін жояды деген сөз.

Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз – Бақауовтікі, Астананың маңайында – Шөкеевтікі. Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат Берік Дүйсенбинов осындай шындықты жайып салды. Бұл халықтың сөзі дейді ол. Сондай-ақ мәжілісмен ауыл шаруашылық министрінен мыңдаған гектар жері бар әкім-қаралардың аты-жөнін елге жария етуді талап етті. Жер қайтарылды деген есеп өтірік деді. Шын мәнісінде халыққа беріліп жатқан жайылым да, егістік те жоқ екенін мәлімдеді. Бұған қатысты нақты мысал да келтірді.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
- Қоянды ауылының мал бағатын жері Құлыбаевтың жері. Бәленбай мың гектар жер. Не істейсіңдер? Министір неге сол жерді елге алып бермейді. Бақауов та, Ахметов та бұлар жалпылама образдар. Қазақстананың қай жеріне барсаңыз да облыстың әкімдері мен қаланың әкімдерімен тікелей байланысты. Мен ойдан шығарып отырған нәрсе емес.