Хабар телеарнасы

Ғалым Шойкин: Мақсатымыз — этносаралық қатынастарды дамыту

Еліміз үшін де бейбітшіліктің құны басым. Сондықтан ұлты басқа болғанымен, мүддесі бір халықтың арасындағы кіші даудың түйіні сотқа жетпей тарқамақ. Президентіміздің арнайы тапсырмасымен, тамыздан бастап 18 өңірде арнайы этномедиаторларды даярлау басталған. Өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған жерде бұл мамандыққа басымдық беріп, санын арттырмақ. Басты мақсаты — ұлтараздыққа жол бермеу. 

Ғалым Шойкин, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы:
-Мақсатымыз, этносаралық қатынастарды дамыту. Әр өңірде 500-дей маман біздің оқудан өтті. Әрине бастапқы ақпаратты алды. Келесі мақсатымыз солардың арасынан білімді азаматтарды таңдап алып, республика деңгейінде оқытып, арнайы осындай мамандандырылған пул жасау.