Хабар телеарнасы

Үкімет отырысы: балық импорты азаяды

Десе де, жыл басынан бері өсірілген балық 14 мың тоннадан сәл ғана асады. Былайша айтқанда, 22,5 мың тоннаға жеткізу жоспары орындалмай отыр. Ал сырттан сатып алатын балықтың үлесі әлі де көп – 32 мың тонна. Бірақ алдағы уақытта импортты азайту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Су көздері көп бола тұра Қазақстан бүгінде балық шаруашылығында Өзбекстанға ілесе алмай келеді. Үкімет басшысы сала министрінен оның себебін сұрады. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Өзбекстанның тәжірибесін неге қарамайсыздар? Бізге сонда не кедергі болып жатыр?

Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
-Өзбекстанның негізгі айырмашылық факторы – бұл қолайлы табиғи-климаттық жағдайы. Олардың балықты жыл бойы өсіруге мүмкіндігі бар және де олар біз сияқты көлемде табиғи су айдындарынан балық ауламайды.