Хабар телеарнасы

Екібастұз тұрғындары екі айға жылуға төленетін төлемдерден босатылады

Қазір қаладағы 51 көпқабатты үй толықтай жылу жүйесіне қосылды. Қалған пәтерлерде жылу құбырының радиаторлары жаңартылып, мұз боп қатып қалған құбырлар жібітіліп жатыр. Кешеден бері жөндеу бригадалары мыңға жуық батареяны ауыстырған. Апат болған күні үш қазандық жұмысын тоқтатқан. Тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ қысымға шыдас бермеген ескі құбырлар 43 жерден жарылған. Қазір құзырлы органдар қыс мезгілінде коммуналдық апатқа жол берілу себептерін анықтауға кірісіп кетті.

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы: 
- Жөндеу жұмыстары толық жасалып жатыр. Барлық көмектер көрсетіледі. Оның үстіне мына жылу беру компаниясы енді кінәлілігі бар. Сондықтан шешім қабылдап өздері тағы айтар екі ай жылуды төлеуден босатылады. Сосын қосымша тағы да қосымша тағы бір көмек жасайтын шаралар дайындалып жатыр. Енді тергеу жағынан айтсақ біз жалпы Энергетика министрлігі өзіміздің құқығымыз бойынша тиісті тексеру жүргізіп жатырмыз.