Хабар телеарнасы

Энергетикалық орталықтар мемлекет меншігіне қайтарылады

Себебі салғырттықтың салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, халық соның зардабын тартып отыр. Мемлекет басшысы Екібастұздағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Президент Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері жағдайды қалыпқа келтіріп, кінәлі адамдарды жауапқа тартуды тапсырды. Бүгінде Екібастұз жылу-энергетикалық орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жер үй, сондай-ақ 11 әлеуметтік нысанға жылу беру қалпына келтірілді. Бұл жайлы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта Үкімет пен Бас прокуратура бірқатар проблемалы жылу-энергетикалық орталықты мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмысты бастады.