Хабар телеарнасы

Брифинг: Жол сапасы бәрінен маңызды

Бұл туралы брифингте сала мамандары айтты. Осы межеге қол жеткізу үшін 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың кемінде 14 мың шақырымы қайта жаңғыртылуы тиіс.

Биыл республикалық күре жолдарға 3,4 млн тонна асфальт төселген. Маусым айынан бастап Қарағанды – Балқаш тас жолының 128 шақырымдай жеріне жаңа жол жабыны салынды. Сонымен қатар өзге өңірлердегі жол сапасын арттыру бағытында да бірнеше жұмыстар қолға алынуда. 

Мейірхат Қасымбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
-Биылғы жылы Талдықорған-Өскемен-Қалбатау-Майқапшағай жолдарындағы бүкіл ауылдардың ішін асфальт жабындысымен аштық. Абай облысының территориясында да 70 шақырым жолдарды аштық. Кей компаниялар осы уақытқа дейін құзіретін дұрыс атқармағандықтан концорциумға ұшырады. Биыл жергілікті мердігерлер бар, басқа ұйымдар бар жұмысты жалғастырып жатырмыз.