Хабар телеарнасы

Астанада Сирия бойынша ХІХ халықаралық кездесу аяқталды

Келіссөзге Ресей, Түркия, Иран, Сирия және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері қатысты. Одан бөлек байқаушы елдер де болды. Күн тәртібінде жағдайды тұрақтандыру мәселелері қаралды. Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды реттеу керек. Із-түссіз жоғалғандарды іздеу, кепілге түскен азаматтарды босату мәселелері біртіндеп шешіліп келеді. Жұмысты үйлестіру үшін Сирия келіссөзі бойынша Астана процесінің ХХ кездесуі келесі жылы өтеді.

Әділ Тұрсынов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Қазақстанда өткізілген келіссөздер зорлық-зомбылықтың төмендеуіне әкелді. Бұрын мәмілеге келе алмаған саяси күштер арасындағы жүйелі диалогты қалыптастыруға негіз қалады. Біз барлық қатысушылардың жақсы ниеттері мен бітімгершілік күш-жігерлерін жұмылдыру арқылы осы Астана миссия мәлімделген жоғарғы мақсаттарға қол жеткізілді деп сенеміз.