Хабар телеарнасы

СҚО-да сайлау заң аясында өтті

Жалпы кеше аймақта 3 мың 643 байқаушы жұмыс істеді. 18-і шет мемлекеттерден келген. Олар топ-топқа бөлініп, облыс орталығымен аудандарды аралап шықты. Солтүстік Қазақстан облысында 385 мыңнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Алдын ала болжам бойынша олардың 78% астамы өз таңдауын жасаған. 

Мұхтар Қалиев, «Ел дауысы» қоғамдық қорының байқаушысы: 
- Таңғы жетіден кешкі онға дейін жұмыста болдық. Біздің Петропавл қаласында 23 байқаушы болды, кординаторды санамағанда. Жалпы сайлау ойдағыдай өтті деп ойлаймыз. Заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.