Хабар телеарнасы

Президент М.Әуезов пен Қ.Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты

Сонымен қатар зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Олардың қатарында жазушы мен ғалымның ұрпақтары, абайтанушылар, осы өңірде туып-өскен бірқатар ақын-жазушылар бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханов тарихымызда ерекше орын алған тұлғалар. Олардың Семей төрінде қанаттасып қатар тұруында терең мағына бар. Бұл ұстаз бен шәкірт, аға мен іні арасындағы рухани бірліктің символы. Шын мәнінде қос алыпты бөле жарып қарау мүмкін емес. Бұлар Абай мұрасын зерттеп, дәріптеуге өлшеусіз үлес қосты.