Президент сайлауы 20 қарашада өтеді

Бұл туралы ақпарат Ақорданың сайтында жарияланды. Сондай-ақ Президент халыққа үндеу тастады. Ол жерде Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атқарылған ауқымды реформаларға, халықтың тұрмыстық ахуалын жақсарту мақсатында жасалған игі шараларға тоқталды. Әрі алдағы басты саяси науқанға өзінің қатысатынын және жақында сайлауалды тұғырнамасын жариялайтынын мәлімдеді.