Хабар телеарнасы

Президент: ШЫҰ-ны жаһандық экономикалық платформаға айналдыруымыз керек

Өйткені бұл ұйымға әлемдегі технологиялығы жетілген, тұтыну көлемі ең үлкен әрі қарқынды дамушы елдер мүше. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 1/4 тиесілі. Яғни 23 трлн доллардан асады. Табиғи байлық та аз емес. Сондықтан экономикалық ынтымақтастықты түрлі формада дамытуды Қазақстан қолдайды. Соның ішінде тасымал, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне Президент: «Ұйымның тиімді экономикалық және тасымал жолдарын дамыту жөніндегі ынтымақтастық тұжырымдамасының бекітілуі — үлкен жетістік», — деп арнайы тоқталды. Бұған қоса Қазақстан мен Қытай арасында үшінші темір жол өткізу бекетін салу жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы мемлекеттерді осы мүмкіндікті пайдаланып,ат салысуға шақырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-ШЫҰ елдерінің тиімді экономикалық және көлік дәліздерін дамыту жөніндегі Ынтымақтастық тұжырымдамасының қабылдануы өзара логистикалық байланысты жақсартудағы маңызды жетістік болды. Әңгіме «Қытай – Еуропа» бағыты және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша теміржол тасымалы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелінің құрылысын салу жоспары туралы болып отыр.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Самарқан декларациясы қабылданды.