Хабар телеарнасы

Қазақстанға Рим Папасы Франциск келді

Ватикан басшысы әуежайдан бірден Ақордаға барған. Ол билік, қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен өтетін отырысқа қатысады деп жоспарланған. Понтифик елімізге мемлекеттік сапармен келіп отыр. Ертең Рим-католик шіркеуінің басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысады. Сонымен қатар елордада Рим Папасының қатысуымен құлшылық рәсімі месса өтеді. Франциск – елімізге келген екінші понтифик. Рим Папасы Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға алғаш рет табан тіреп отыр.