Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы еліміз энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау сияқты негізгі салалар бойынша серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазір Үкімет 800 әлеуетті инвестициялық жобадан құралған жобалар пулын әзірледі. Сондай-ақ неміс компанияларын елге тарту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын. «Бұл мемлекет – Қазақстанның Еуроодақтағы ең маңызды серіктесі. Бізде Германия капиталының үлесі бар, 600-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сауда-саттықты арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін мол әлеует бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.