Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды

Өкілеттік мерзімін қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайын екенін айтты. Сондай-ақ Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байлам жасады. «Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.