Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшелерін қабылдады

Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Ал Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі Сергей Худяковпен жүздесу барысында тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ ол мемлекет басшысына қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.