Хабар телеарнасы

Елімізде құрылыс саласы реформаланады

Бұл жөнінде Премьер министр Әлихан Смайылов өткізген кеңесте айтылды. Қазір Үкіметте бұл бағытта заңнамалық түзетулер пакеті дайындалып жатыр. Жаңа нормаларды енгізудің арқасында шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндіктері артады. Сонымен қатар бұл құрылыс көлемін бірдей бөліп жұмыс сапасы мен ашықтықты арттыруға мүмкіндік бермек. Үкімет басшысы кеңесте ұсынылған өзгерістердің негізгі бөлігін қолдап, мемлекеттік органдарға әлі де пысықтауды тапсырды.