01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Мемлекет басшысы Грузияның премьер-министрін қабылдады

  • Категория: Саясат
Мемлекет басшысы Грузияның премьер-министрін қабылдады

Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынды.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесу барысында айтты. Президент екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмылдырудың маңызды екенін атап өтті. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастық пен көлік-логистика саласының мәселелері талқыланды. Ираклий Гарибашвили жүздесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін тағы да нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және  одан әрі дамыту.

Ираклий Гарибашвили, Грузияның премьер-министрі:

- Біздің достық және көпжақты ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Мен маңызды мәселемен келдім. Екіжақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150% өсті. Әрине, байланыстарды кеңейту үшін әлеуетіміз мол. Біз өзара қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және достықты бағалаймыз.

Сондай-ақ...